Автор: Администратор

Тараз қаласы «Дәулет» спорт кешенінде киокушинкай-кан каратэден оқушылар арасында командалық республикалық турнир өтті

ҚР Білім және Ғылым министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйытқы болуымен «Дәулет» спорт кешенінде киокушинкай-кан каратэден оқушылар арасында командалық республикалық турнир өтті. Ел тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылған жарысқа Алматы, Тараз, Ақтау, Шымкент секілді өзге де қалалардың мықтылары қатысып, жүлделі орындарды сарапқа салды. Додада ұлдармен бірге қыздар да бақ сынады. Дуы басым жарысқа Ұлттық Республикалық киокушинкай-кан каратэ федерациясы Жамбыл облысы филиалының президенті Нұрлан Кулишев арнайы келіп, спортшыларға сәттілік тіледі. Бірнеше күнге созылған каратэшілер аламаны тартысқа толы жағдайда өтті. Барлық команданың спортшылары жеңіске жету жолында аянып қалмай, барын салып бақты. Дода қорытындысында қарсыластарының барлығынан айласын асырған Жамбыл облысының спортшылары жалпыкомандалық есепте топ жарса, шымкенттіктер екінші, алматылықтар үшінші орынды иеленді. Жарыс аяқталған соң аға жаттықтырушы Жасқайрат Шейренов бұл турнир жоғары деңгейде өтті деп бағалап, Қарағандыда ұйымдастырылатын ел чемпионаты алдында спортшылардың спорттық бабына енуіне мүмкіндік бергенін тіліне тиек...

Подробнее

Киокушинкай-кан каратэден Қазақстан Республикасының Чемпионаты 2021

Ұлттық республикалық киокушинкай-кан карате федерациясы 6-8 қазан күндері арасында Қарағанды қаласында киокушинкай-кан каратеден Қазақстан Республикасының чемпионтының өтетінін хабарлайды. Іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге және Ұлттық республикалық киокушинкай-кан карате федерациясының 10 жылдығына арналған. Чемпионаттың ережесі бойынша жарыс кумитэ және ката бөлімідері бойынша өтеді. Чемпионаттың нәтижесі бойынша киокушинкай-кан каратеден Қазақстан Республикасының ұлттық құрама мүшелері тағайындалады. Жарысқа қатысуға өтінімдер қазанның 1-не дейін тек облыстардың/ республикалық маңызы бар қалалардың аға жаттықтырушыларынан келесі электрондық мекен-жайға жіберіледі: rnffk1@gmail.com Республиканская национальная федерация киокушинкай-кан карате информирует о том, что 6-8 октября в городе Караганда пройдет Чемпионат Республики Казахстан по киокушинкай-кан карате. Мероприятие посвящено празднованию 30-летия Независимости Республики Казахстан и 10-летию Республиканской национальной федерации киокушинкай-кан карате. Согласно правилом чемпионат пройдет по разделом кумитэ и ката. По итогам чемпионата будет сформирована национальная сборная Республики Казахстан по киокушинкай-кан карате. Заявки на участие в чемпионате принимаются до 1 октября только от старших тренеров областей/городов республиканского значения и направляются по следующему электронному адресу:...

Подробнее

Сіздерді Спорт күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Құрметті спорт саласының өкілдері, қайраткерлері, ардагерлері және барлық белсенді жанкүйерлер! Сіздерді спорт күнімен шын жүректен құттықтаймын! Елімізде салауатты өмірді насихаттауда сіңірген еңбектеріңіз шексіз. Әлемдік ірі спорттық бәсекелерде біздің елдің байрағын жоғары көтеріп жүргендеріңіз үшін шексіз алғыс білдіремін. Спорт — біздің өмірдің құрамдас бөлігі. Елордада жыл сайын жаңа заманауи спорттық объектілер салынады, олардың пайдаланылуы өскелең ұрпақтың дене шынықтыруына ықпал етеді. Сонымен қатар, жылдан жылға ашық аспан астындағы спорт жаттығу алаңдарының да санын арттырып келеді. Нәтижесінде дене шынықтырумен шұғылданушылар саны көбейіп жатыр. Баршаңызды тағы да атаулы күнмен құттықтай отырып, сіздерге зор денсаулық, мол бақыт және жарқын жеңістер тілейміз.Еліміздегі спорттың дамуына косқан...

Подробнее

Құрметті достар! Сіздерді Спорт күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл мереке — белсенді, салауатты өмір салтын ұстанатын, дене шынықтырумен айналысатын, спортты жақсы көретін жандардың мерекесі. Спорт пен дене шынықтыруды дамыту — мемлекеттік ауқымдағы маңызды міндеттердің бірі. Бүгінде бар күшін, білімін, уақытын, салауатты ұрпақ тәрбиелеуге деген ыстық ықыласын аямайтын жаттықтырушышалға ерекше ризашылығымызды білдіреміз. Спортпен айналысыңыз! Балаларыңызды, отбасыңызды, достарыңыз бен жолдастарыңызды спортқа баулыңыз! Баршаңызға зор денсаулық, мықты рух, жарқын жетістіктер мен жаңа жеңістер тілейміз! Уважаемые друзья! Примите искренние поздравления с Днем спорта! В здоровом теле – здоровый дух! А спорт – это искусство быть здоровым, искусство, без которого не может быть сильных и полноценных людей. Это праздник тех, кто ведет...

Подробнее

8-20 шілде аралығында Батыс Қазақстан облысының құрамында 130 спортшы қарағай орманында, Қазақстанның інжу-маржаны — Бурабайда дәстүрлі жазғы оқу-жаттығу жиындарын өткізді

Ағымдағы жылдың 8-20 шілде аралығында Батыс Қазақстан облысының құрамында 130 спортшы қарағай орманында, Қазақстанның інжу-маржаны — Бурабайда дәстүрлі жазғы оқу-жаттығу жиындарын өткізді. Жаттығу жиындары барысында спортшылар 5 кіші топқа бөлінді, бұл жаттықтырушылар құрамына жас ерекшеліктері мен дайындық деңгейін ескере отырып, бүкіл жаттығу процесін жемісті өткізуге мүмкіндік берді. Оқу жиындарынан бөлек спортшылардың бос уақыты көңілді, пайдалы және ұмытылмастай өтуіне кәсіби педотрядтар ықпалын тигізді. Жемісті жаттығулар, жаңа таныстар, көңілді демалыс, таза ауа, әсем табиғат, атап айтқандай пайдалы мен жағымдыны үйлестірді. С 8 по 20 июля текущего года спортсмены Западно-Казахстанской области в составе 130 спортсменов провели традиционные летние учебно-тренировочные сборы в сосновом бору, в жемчужине Казахстана — Боровом. На сборах спортсмены были поделены в 5 подгруппах, что позволило тренерскому составу плодотворно провести весь тренировочный процесс с учётом возрастных особенностей и уровню подготовки. Помимо тренировок досуг наших спортсменов сделали по-настоящему веселым и незабываемым — профессиональный педотряд с лучшими вожатыми. Плодотворные тренировки, новые знакомства, веселый отдых, чистейший воздух, красивая природа, совместили полезное с...

Подробнее