Киокушинкай – кан каратэ спорты елімізге енгеніне аз уақыт болсада бұл спорт түрі елімізде кең қанат жайып келеді. Осындай айқын бағытта Салауатты өмір салтын сақтау мен дамыту мақсатында Теміртау қаласында сәуір айының 27 күні Киокушинкай – кан каратэ спорт түрінен ерлер мен әйелдер, кадеттер және жасөспірімдер арасында Республикалық турнир болып өтті.
Жарыстың негізгі мақсаты мен міндеті ересектер мен жасөспірімдер, балалар мен қыздар арасынан Киокушинкай – кан каратэ спортынан үздік өнер көрсеткен шебер спортшыларды 2014 жылы Қазақстан ұлттық құрама сапында өнер көрсету үшін анықтау және алдағы кезеңде 2015 жылы халықаралық деңгейде өтетін әлемдік додалар сайысында – Әлем және Азия, Орталық Азия, Еуропа чемпионатына қатысушы жас спортшыларды іріктеп алу жұмысы болып саналады.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Ұлттық құрама командасын 2014-2015 ж.ж. Киокушинкай – кан каратэ спорт түрінен жасақтау. Ел спортшыларының шеберлігін шыңдау мен қатар Киокуш