Құрметті тойшы қауым!
Бүгін міне Дастанның ауылында,
Сарыарқа бауырында
жадырасып жарасатын,
жамырасып тарасатын,
Жаңаарқа сауырында,
балдай тәтті тілектер тыңдалатын,
ән тербеген жүректер нұрланатын,
қызығы күннен күнге жырланатын,
келмегендер қызықтан құр қалатын
бір тамаша той болғалы отыр.
Ол-бүгінгі Дастан мен Назерке шаттыққа толы шаңырақ көтеру екені баршаға мәлім. Сол той тойларға ұласып жалғасын таба берсін!
Құрған шаңырақтарың биік, босағаларың берік, керегелерің кең болсын!
Үйлеріңнің іші жанға, сырты малға толсын! Екі жаққа да сыйлы болыңдар! Денсаулықтарың зор, Махаббаттарың баянды болсын!
Ізги ниетпен:
Киокушинкай-кан каратэ федерация ұжымы
С днем свадьбы мы вас поздравляе