2017 жылдың қазан айының 20-21 күндері Алматылық «Халық Арена» спорт кешенінде ерлер мен әйелдер, қыздар, ер балалар және жастар арасындағы Қазақстан Республикасының Чемпионаты өтеді.
Қазақстан Республикасының Чемпионаты, барлық спорт түрлеріндегідей, ел ішіндегі маңызды бастама болып табылады, себебі Қазақстан аймақтарының ең мықты спортшылары бақ сынасады.
Республикалық Чемпионаттың нәтижесі бойынша спорттық дәрежелер мен атақтар беріліп, жеңімпаздар ұлттық құрама қатарына енгізіледі.
Республикалық Ұлттық Киокушинкай-кан каратэ Федерациясы жыл сайын Чемпионатты еліміздің әр түрлі облыстарында өткізеді, негізгі мақсаты -киокушинкай-кан каратэ спортын кеңінен тарату, жастар мен балаларды жүйелі түрде спортпен айналысуға баулу, салауатты өмір салтын дәріптеу. Осы жылғы чемпионатты Алматы қаласында өткізу шешімі қабылданды.
Алматы қаласындағы 2017 жылғы Чемпионатқа қатысу үшін Қазақстанның барлық аймақтарынан 300-ден аса каратэші жиналады, жас дәрежелері 12 жас және одан жоғары, сонымен қатар ересектер қатарындағы ерлер мен әйелдер де бар. Қазақстан Республикасы Чемпионатының ұйымдастырушылары: ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Республикалық Ұлттық Киокушинкай-кан каратэ Федерациясы және Алматы қаласының әкімдігі.