талмыш шараға Астана қ., Жезқазған қ., ССК, Сәтбаев қ. БЖСМ, Сәтбаев қ. МОРБЖМ, Бокс және шығыс жекпе-жек мектебі және бірнеше клубтардан жалпы 400-ге жуық каратэші қатысты.

Турнирдің құрметті қонағы ретінде “Ұлытау облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасы” ММ-нің жоғары спорт жетістіктерін және спорттық резервін даярлау бөлімінің бас маманы Елдос Амангелдіұлы қатысып спортшыларға сәттілік тіледі.
Жарыстың шығындарын көтерген Ата-Аналарымызға алғысымызды білдіреміз.

Спортшыларымызға осы айдың 12-14 күндері аралығында Қонаев қаласында өтетін, әлем кубогына іріктеу Республикалық турнирына сәттілік тілейміз!