04.06.2023 ж. Алматы облысы, Қонаев қаласында облыс әкімі — Сұлтанғазиев Марат Елеусізұлының қатысуымен, Мемлекеттік Рәміздер күніне орай мерекелік іс-шара өтті. Аталған іс-шараға ҰРККФ Алматы облыстық филиалының құрама сапындағы спортшылары да қатысты. Еліміздің көк байрағы көгімізде желбіреп, әнұраны әр қазақтың жүрегінде шырқалып, елтаңбасы елдіктің, бірліктің белгісіндей болып қала берсін. ⠀⠀ Әнұранымыз асқақ, Елтаңбамыз айбынды, Туымыз биікте болсын!