Аталған іс-шараға Қырғызстан, Өзбекстан мемлекеттерінен және Алматы қаласы, сонымен қатар, Қарағанды, Ұлытау, Жетісу, Маңғыстау және Алматы облыстарынан 200 ден астам спортшылар қатысып өз ара мықтыны анықтады.

Жарысымыздың ашылу салтанатында Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы Ұлттық бұқаралық спортты және спорт инфроқұрылымын дамыту бөлімінің басшысы — Рахман Қуанышұлы сөз сөйледі.
Сонымен қатар, ҰРККФ-ның бас төрешісі, ҰРККФ Қарағанды облыстық филиал басшысы — Игорь Генадьевич және ҰРККФ Алматы облыстық филиалының басшысы — Бекжан Батырбекұлы сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жарыстың қорытындысы бойынша, жалпы командалық есеп:

1 орын-Алматы облысы
Алтын-22 дана
Күміс-16 дана
Қола-30 дана

2 орын- Ұлытау облысы
Алтын- 15 дана
Күміс-18 дана
Қола-24 дана

3 орын-Жетісу облысы
Алтын-5 дана
Күміс-6 дана
Қола-2 дана

«BATYR BALA-2023» Халықаралық турнирінің жеңімпаздары мен жүлдегерлердін құттықтаймыз!