Жиналыс барысында, спортшыларымыз бірыңғай спорттық киіммен жабдықталды. Алматы облысында киокушинкай-кан каратэ спорт түрінің дамуына орасан зор үлес қосып жүрген Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы — Нұрбақыт Молдахметұлына және Алматы облыстық спортты дамыту дирекциясының басшысы — Дархан Нұрғалиұлына алғыс білдіреміз!