Адамзаттың ең қасиетті қазынасы – балалар, бала – біздің болашағымыз! атты ұранда Астана қаласында маусым айының 6-күні Жерұйық паркинг алаңында «Аула клубтары арасында көңілді старт» эстафетасы ұйымдастырылды. Бұл сайысқа 80 шақты аула клубы қатысты. Жарыс нәтижелерін атап өтейік. Олар:

1 орын – Есіл аула клубы
2 орын – Асар аула клубы
3 орын – Архат аула клубы жеңіп алды.

Жарыс барысында Аула клуб қатысушыларына бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Бұл эстафета сайысын ұйымдастырушы Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы.

Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, өскелең ұрпақты спортқа баулу, дені сау ұрпақтың – жаны сау екендігін есте ұстау мақсаты болып табылады.

Атаулы бұл сайысқа қатысқан Архат клубының үздік жаттықтырушысы мәртебесі ретінде Киокушинкай-кан каратэ жаттықтырушысы Алдашов Дастан Жұмабайұлы бағалы сыйлықтармен марапатталд