Жарысқа Алматы, Астана қаласы және Жетісу, Ұлытау, Алматы, Шығыс-Қазақстан және Абай облыстарынан 300 ге жуық спортшы қатысты.

Жарысымыздың ашылу салтанатында “Абай облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының” басшысы Ержан Әнуарбекұлы және Ұлттық Республикалық Киокушинкай-кан каратэ федерациясының вице-президенті Сайранбек Ербатырұлы ашып, жарысқа қатысушылар мен оны тамашалуға жиналған семейліктерді, сонымен бірге қонақтарды айтулы спорт мерекесімен құттықтап, сәттілік тіледі.

Сондай-ақ салтанатты шарада ҰРККФ Абай облысы филиалының Президенті Ашенов Бахтияр Толебайұлы құрметті қонағы болды.