ҰРККФ Астана қаласы филиалының жаттықтырушысы Данияр Жумабайұлы Алимусинов — киокушинкай кан каратэ бөлімінің «Үздік жаттықтырушы» номинациясының жеңіп алды. Данияр Алимусинов — Қазақстан Республикасының спорт шебері Әлем чемпионатының жүлдегерін, Қазақстан Республикасының чемпиондары мен жеңімпаздарын дайындады.

Ал «Киокушинкай кан каратэден үздік спортшы» номинациясында үздік атанған қатарында Абдуқадір Мұрат. Ол спорт шеберіне үміткер, 2022 жылғы 2-11 шілде аралығында Болгария Варна қаласында өткен Әлем чемпионатының күміс жүлдегері.

Осы номинацияның тағы бір жеңімпазы — Аманов Айбек, спорт шеберіне үміткер, 2022 жылғы 4-5 маусым аралығында Испанияның Валенсия қаласында өткен Әлем чемпионатының күміс жүлдегері.

Шын жүректен құттықтаймыз!