Аталмыш шара барысында Алматы облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы — Нұрбақыт Молдахметұлы облысымызда спортты дамыту үшін көптеген кешенді іс-шаралар жоспары жасалып, көптеген шаралардың қолға алынып жатқанын жеткізді. Сонымен қатар, басқарма басшысы спортшыларды кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Спорттық мерейтой барысында Алматы облысының шәкірттері өз өнерлерін ортаға салып, жүлделі орындарға ие болды.