Дүбірлі додаға Алматы қ., Астана қ., Ұлытау, Алматы және Жетісу облыслыстарынан 200-ден аса споршы қатысып, өзара мықтыны анықтады.

Жарысымыздың ашылу салтанатында «Қазақстан барысы» турнирінің тұңғыш жеңімпазы, күміс кубок иегері, Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Рысқұл Ұлан Ғалымұлы спортшыларға құттықтау сөз сөйлеп, өскелең ұрпаққа жеңіс тұғырынан көрініп, халықаралық және әлемдік додаларда еліміздің көк туын көкке желбіретуін тіледі.

Сонымен қатар, турниріміздің құрметті қонақтары, KWU тұжырымдамасы бойынша әлем чемпионы Мерей Суюнов, Ұлттық Республикалық Киокушинкай-кан каратэ федерациясының вице-президенті Әбілқайыр Сайранбек Ербатырұлы,
Ұлттық Республикалық Киокушинкай-кан каратэден Жетісу облысының Президенті Бақытнұр Бақытұлы және Киокушинкай-кан каратэден мемлекеттік жаттықтырушы Жеңіс Даурен Қайратұлы.