Халықаралық жарыстың жеңімпаздары — Максутов Рысбек, Орынбасар Дінмұхамед және Айдосұлы Аслан Алматы облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы — Нұрбақыт Молдахметұлының қабылдауында болды. Н. Молдахметұлы спортшыларымызды жеңісімен құттықтап, алдағы уақытта өтетін додаларда сәттілік тіледі. Спортшылардың дамуына ерекше көңіл бөліп, зор үлес қосып жатқаны үшін, Нұрбақыт Молдахметұлына және басқарма ұжымына үлкен алғыс білдіреміз!