Қала әкімі Алтай Көлгіновтың алғыс хатымен ұлттық республикалық киокушинкай кан каратэ федерациясы Нұр-Сұлтан қаласы Филиалының ұлттық құрама мүшесі Жангабылов Рахат Әлем кубогында 3 орын алғаны үшін сонымен қатар бас бапкері Абжанов Дастан Дүйсенбайұлы марапатталды.

Салтанатты марапаттау рәсімінің құрметті қонағы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтап, жаттықтырушыларға бұқаралық спорттың дамуы мен қосқан зор үлестері үшін бапкерлерге алғысын білдірді.