День: 31.12.2022

Құрметті қазақстандықтар!

Берекесі мен сынағын қоса ала келген барыс жылының аяқталуына санаулы сәттер қалды. Баршаңызды шын жүректен жаңа жылмен құттықтаймын! Өткен жылға өкпе жоқ, ал келер жылдан күтер үмiтiмiз де, тiлер тiлегiмiз де жетерлiк. Жаңа жылды қашанда алдағы уақыт көшінен қуаныш, жақсылық, жағымды жаңалық күтетін, өткен өмір жолымызға есеп беретін, келешек бағыт-бағдарымыз бен мақсат-міндеттерімізді белгілейтін мереке ретінде асыға күтеміз. Жаңа жылда Сіздерге игілік пен ізгілік, дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға бақ-береке тілеймін. Тәуелсіз Қазақстанымыздың тұғыры қашанда берік, туы биік болсын! Жаңа 2023 жылда жағымды жаңалықтар мен телегей табыс мол болсын! Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыңызға баянды бақыт пен бақ-береке келсін! Құрметпен қоғам және мемлекет қайраткері, Ұлттық республикалық киокушинкайкан федерациясының президенті Омархан Нұртайұлы...

Подробнее

Ұлттық Республикалық киокушинкай-кан карате федерациясы Астана қаласы филиалының басшысы болып Жанат Мейрамұлы тағайындалды.

Ұлттық Республикалық киокушинкай-кан карате федерациясы Президентінің бұйрығымен Имашев Азамат Болатұлы Ұлттық Республикалық киокушинкай-кан карате федерациясының вице-президенті лауазымына, Жеңіс Даурен Қайратұлы Ұлттық Республикалық киокушинкай-кан карате федерациясының атқарушы директоры лауазымына, Мусин Жанат Мейрамұлы Ұлттық Республикалық киокушинкай-кан карате федерациясының Астана қаласы филиалының басшысы лауазымына...

Подробнее