День: 22.12.2022

Астана қаласы №7 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде “Жыл үздіктерін” марапаттау рәсімі өтті.

ҰРККФ Астана қаласы филиалының жаттықтырушысы Данияр Жумабайұлы Алимусинов — киокушинкай кан каратэ бөлімінің «Үздік жаттықтырушы» номинациясының жеңіп алды. Данияр Алимусинов — Қазақстан Республикасының спорт шебері Әлем чемпионатының жүлдегерін, Қазақстан Республикасының чемпиондары мен жеңімпаздарын дайындады. Ал «Киокушинкай кан каратэден үздік спортшы» номинациясында үздік атанған қатарында Абдуқадір Мұрат. Ол спорт шеберіне үміткер, 2022 жылғы 2-11 шілде аралығында Болгария Варна қаласында өткен Әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Осы номинацияның тағы бір жеңімпазы — Аманов Айбек, спорт шеберіне үміткер, 2022 жылғы 4-5 маусым аралығында Испанияның Валенсия қаласында өткен Әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Шын жүректен...

Подробнее

Бүгін Ұлттық Республикалық киокушинкай-кан каратэ федерациясының президенті Оксикбаев Омархан Нұртайұлының туған күні.

Құрметті Омархан Нұртайұлы! Сізді бүгінгі туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Егемен еліміздің болашағы үшін өзіңіз атқарып жүрген адал қызметіңіздің жемісті, әрі жеңісті тұстары көп болсын! Ұлт мүддесі үшін күресте қажымай-талмай еңбек етіп толымды табыстарға жете берулеріңізге тілектеспіз! Әрдайым биіктерден көрініп, еліміздің  одан әрі өркендеп гүлденуі жолындағы жемісті жұмыстарыңыз, спорт саласындағы жеңісті күндеріңізге жалғассын! Адал еңбектеріңіздің жемісі мен игілігін көруіңізге шын жүректен тілек...

Подробнее