2023 жылдың 29 қаңтарында Алматы облысы, Қаскелең қаласының №1 балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде Киокушинкай-кан каратэден балалар, жасөспірімдер мен қыздар арасында «KASKELEN CUP-2023» Республикалық турнирі өз мәресіне жетті.

Аталған іс-шараға Қырғызстан мемлекетінен, Астана және Алматы қалаларынан, сонымен қатар  Қарағанды, Ұлытау, Абай, Жетісу, Жамбыл және Алматы облыстарынан 300-ден астам спортшылар қатысты. «KASKELEN CUP-2023» Республикалық турнирі Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен және Алматы облыстық Бұқаралық спорттық  іс-шараларды өткізу орталығы мен Ұлттық Республикалық Киокушинкай-кан каратэ федерациясы Алматы облыстық филиалының ұйымдастыруымен өтті. Жарысымыздың ашылу салтанатында Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, Бейжің олимпиадасының күміс жүлдегері-Теңізбаев Нұрбақыт Молдахметұлы, Ұлттық Республикалық Киокушинкай-кан каратэ Федерациясының Вице президенті-Сайранбек Ербатырұлы және ҚР Мәдениет және спорт министірлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Спортты дамыту дирекциясы» басшысының орынбасары-Азамат Болатұлы сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Жарыстың қорытындысы бойынша, жалпы командалық есеп: 1 орын-Алматы облысы Алтын-18 дана Күміс-18 дана Қола-46 дана 2 орын-Алматы қаласы Алтын-18 дана Күміс-13 дана Қола-20 дана 3 орын-Жетісу облысы Алтын-5 дана Күміс-10 дана Қола-14 дана «KASKELEN CUP-2023» Республикалық турнирінің жеңімпаздары мен жүлдегерлердін...

Подробнее